ТҮРКІСТАН: Балалар арасындағы айтыстың жеңімпазы тұрлпарға ие болды

0
1 245

Айтыстың бас жүлдесін түркістандық Шахмардан Бекарысұлы еншіледі.


ТҮРКІСТАН: Балалар арасындағы айтыстың жеңімпазы тұрлпарға ие болды

Түркістандағы Оқушылар сарайында«Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы Оқушылар сарайында «Балалар жылына» және 25 қазан – Республика күніне орай «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өтті.


«Оқушылар сарайы» мен «Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген айтысқа Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының және Шымкент қаласының жас айтыскерлері қатысты.


Аламан айтысқа Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы, Сауран аудан әкімдігі және «Қуаныш» сауда орталығы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.


Төрт сағатқа созылған айтыстың қорытындысы бойынша, республикалық айтыстың бас жүлдесін түркістандық Шахмардан Бекарысұлы еншіледі. Бірінші орынға шымкенттік Аллажар Бекмұратұлы ие болды.


Аламан додада суырылып шыққан қос жас ақынға бір-бір тұлпардан берілді. Екінші орынды Болат Тәңірберді (Алматы қаласы) және Құлахмет Елсияр (Шымкент қаласы) өзара бөлісті. Ал үшінші орынды Төленбек Дінмұхаммед (Бәйдібек ауданы), Болат Мейіржан (Түркістан қаласы), Абдрайм Бағдат (Шымкент қаласы), Жүнісбек Айсұлу (Жамбыл облысы) және Бектай Ұлықбек еншіледі.


Барлық айтыскер ақындарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу