ТҮРКІСТАН: Биыл «Nur Otan» партиясына 27 мың өтініш түскен

0
1 056

Жедел желі телефондарына 14 мыңнан астам қоңыраулар келіп түскен.


ТҮРКІСТАН: Биыл «Nur Otan» партиясына 27 мың өтініш түскен

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2016-2020 жылдар аралығында 127,2 мың өтініш келіп түскен, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның басым бөлігі оң шешіліп, қалғандарына консультативтік көмек көрсетілген. Ал 2020 жылдың басынан бері «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 27 мың өтініш келген. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. Өтініштерді қабылдау саны бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.

Қарау нәтижелері бойынша арыз-шағымдардың 16,3 мыңы яғни, 62 пайызы оңтайлы шешілген. Ал 10 мың өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, бүгінде оның 111-і қаралу үстінде. Халықтан келіп түскен 26,4 мың арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің мазалайтындығын анықталды.

Өтініштердің 61 пайызы қаржылық көмек және «BIRGEMIZ» қоры арқылы ақша мен азық-түлік себеттеріне байланысты келіп түсіпті. Оның ішінде 12 пайызы праймеризге қатысты сауалдар, 9 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаждық, 2 пайызы тұрғын үй-коммуналдық және 2 пайызы жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселесіне қатысты жолданған. Ал 14 пайызы – денсаулық сақтау, білім беру, халықты тіркеу және құжаттандыру, кәсіпкерлікті қолдауға қатысты шағымдар.

Арыз-өтініштердің басым бөлігі яғни, 6800-і облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен. 2100-і Сарыағаш аудандық, 2 мыңы Жетісай аудандық, 1900-і Түлкібас аудандық филиалдарына жолданған. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі немесе 9,4 мыңы (35,5%) көпбалалы және толық емес отбасылар болса, 1,8 мыңы (7 %) – жұмыссыздар, 6 мыңы (6%) ерекше қажеттіліктері бар адамдар, 459 - ы (2%) зейнеткерлер.

Коронавирус індетінің таралуының алдын алуға байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы онлайн-режимге ауыстырылған болатын. Биыл 13 наурыздан бері 23,6 мың азамат өтініш білдірсе, оның ішінде әлеуметтік желілер (Facebook және Instagram) арқылы 4,2 мың, whatsapp мессенджері арқылы 5,4 мың өтініш келген. Ал Түркістан облыстық, аумақтық партия филиалдарына жедел желі телефондарына 14 мыңнан астам қоңыраулар келіп түскен.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдары, департамент, басқарма, құқық қорғау органдары басшылары облыстық, аумақтық партия филиалдары арқылы 38 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, онда 136 азаматтың арыз-өтініштері қаралған.

2020 жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпан аралығында барлық басқарма басшыларының қатысуымен тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша «Ашық есік» күні қоғамдық қабылдау күндері өткізіліп, 150-ден астам облыс тұрғыны өтініштерін білдірген. Келіп түскен өтініштердің 67 (45%) тиімді шешіліп, 83-не заң аясында кеңес берілді.

2020 жылдың 13 наурызынан 20 қазанына дейінгі аралықта әкім, әкім орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 552 онлайн қоғамдық қабылдау өткізді. Тікелей эфир барысында партия филиалының ресми фейсбук, инстаграмм парақшалары мен аккаунтында өңір тұрғындарынан (сұрақтар, пікірлер мен алғыстарды қоспағанда) 930 арыз-өтініштер келіп түсіп, қабылдау барысында 296 арыз-өтініш оңтайлы шешілген.

Соңғы 5 жылда облысымызда партия филиалының ұйымдастыруымен 22,1 мың қоғамдық қабылдау өткізіліп, 43400 азаматтың мәселесі қаралған. Оның 262-сін ҚР Парламенті мәжілісінің, 5900-ін маслихат депутаттары, 15900-ін жергілікті атқарушы орган басшылары өткізген.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 17 қоғамдық қабылдау бөлмелері қызмет етеді.