ТҮРКІСТАН: «Даму» қоры арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастады

0
112

Жобаның мақсаты — экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қолдау.


ТҮРКІСТАН: «Даму» қоры арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастады

Түркістан облысында «Даму» қоры арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Даму» Қоры – Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Жобаның мақсаты — экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қолдау. Бұл туралы Түркістан облысындағы «Даму» қорының директоры Мұғазан Нұрмаханұлы баяндады.


«Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің 2025 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысына сәйкес, кәсіпкерлікті қаржыландырудағы негізгі кедергілердің бірі — кепілзаттың жеткіліксіздігі мәселесін шешу мақсатында екі жаңа кепілдік құралы енгізілді. Енді кәсіпкер банктен несие аларда кепілзат жетпеген жағдайда төмендегідей қолдау ұсынылады. Кепілдік қоры шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес нысандары қатыса алады. Негізгі шарттары – кепілдік берілетін жоба аясында қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері — қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспауы тиіс. Ал кепілдік мерзімі — 5 жылға дейін. Бұл жеңілдіктер – ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр және жылу энергиясы, сумен жабдықтау, сауда, көлік және қоймалау, туризм, ақпарат және байланыс, жылжымайтын мүлік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, мәдениет, өнер, ойын-сауық бағытында кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін қарастырылған. Биылғы жылдың басынан бері Қор арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Бұл мақсатта 3,5 млрд теңге қаржы жұмсалды. Егер де өзінің бизнес идеяларын жүзеге асырғысы келетін жандар болса Қордың облыстағы бөлімшесіне келіп мамандардан кеңес ала-алады» - деді сала басшысы.

Бөлісу