ТҮРКІСТАН: Газ баллоннан туындайтын қауіп бірнеше есе артқан

0
938

Жалпы тұрмыстық газ баллондары мен құрылғыларын пайдалану талаптарының бұзылуы, газ жабдығының жалғағыш құбырларын жарамсыз күйде пайдалану болып саналады.


ТҮРКІСТАН: Газ баллоннан туындайтын қауіп бірнеше есе артқан

Түркістан облысында газ баллон жабдығы бар көліктер тексеріліп, жүргізушілерге жадынама таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде газ баллонды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті МӨББ бастығының м.у.а азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Педен қауіптің алдын алу бойынша баяндап өтті.


Спикердің пікірінше, елімізде соңғы жылдары газ баллон жабдықтарымен жұмыс істейтін автокөліктердің саны едәуір өскен. Осыған орай, адам өлімі мен материалдық залалға әкеп соқтыратын түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі бірнеше есе артқан.


«Сауда үй-жайларының паркингтерінде және жабық автотұрақтарда (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға салынған және жапсарлас салынған) газ баллон жабдықтарымен жабдықталған автомобильдердің өртенуі аса қауіпті. Бұл ретте, мұндай өрттердің негізгі себептері «қолөнер тәсілімен» газ баллонды жабдықты орнату, технологиялық процесті бұза отырып, біліктілігі жоқ мамандардың жұмыстарды жүргізуі, сондай-ақ тиісті қызмет көрсетудің болмауы болып саналады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өзге мақсаттағы кіріктірілген және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық үлгідегі үй-жайлар мен паркингтерде газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған автомобильдердің тұрағына жол берілмейді», - деді Н.Нұржанұлы.


Осы орайда, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 24-26 тамыз аралығында Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп «ГАЗБАЛЛОН» профилактикалық іс-шарасын өткізген.


Мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды (жергілікті атқарушы органдарды, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарын, еріктілерді) тарта отырып жұртшылық газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы тексерілді. Атап айтқанда бірлескен рейдтік іс-шара барысында 1406 көлік тоқтатылып, олардың 23-не әкімшілік шара қолданылып, 344525 теңге айыппұл салынды. Тоқтатылған көліктерге 3165 жадынама таратылды. Жалпы облыс аумағында 20 паркинг есепке алынды. Жертөлелерде орналасқан гараждарда газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын қоюға тыйым салынған. Бүгінгі күнге осы паркингтердің барлығына белгі қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарының тұрақтарын пайдалану саласында бұзушылықтардың анықталған барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.


Жалпы тұрмыстық газ баллондары мен құрылғыларын пайдалану талаптарының бұзылуы, газ жабдығының жалғағыш құбырларын жарамсыз күйде пайдалану болып саналады. Осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында мамандар тұрғындардан төмендегі талаптарға назар аударуды сұрайды:

- жобалау нормаларында көзделген жағдайлардан басқа, жертөлелер мен цокольдік қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газы бар баллондарды сақтауға және қолдануға тыйым салынады.

- тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақын жердегі вертикаль қабатқа дейін көлденеңінен кемінде 0,2 м және осы бұйымдарға жақын жерде ілінген көлденең қабаттың үстіне дейін тігінен кемінде 0,7 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс.

- тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталарын, су жылытатын қазандарды, газ мұнараларын) газбен жабдықтауға арналған газ баллондары (жұмыс және қосалқы) ғимараттардан тыс жапсарлас салынған үйлерде немесе ғимаратқа, цокольдік және жертөле қабаттарына кіретін жерлерден кемінде 5 м қашықтықтағы қабырғаның тұйық аралық қабырғасында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылуы қажет.


Бұл ретте, аталған бұзушылықтардың алдын алу үшін тауарлық газды газ тарату жүйесі бойынша тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдармен тиісті бақылау жасалуы тиіс.


«Азаматтық қорғау органдарындағы тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабына сәйкес жүргізіледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізіне қарай тексерістер ерекше тәртіп бойынша және жоспардан тыс болып 2-ге бөлінеді. Егер де кейбір объектілерде газ баллондарын пайдалану кезінде бірнеше бұзушылықтарға жол берегені туралы нақты фактілерімен арыздар немесе өтініштер түссе, бұндай жағдайларда өрт қауіпсіздігі саласында азаматтық қорғау органдарымен жоспардан тыс тексеріс тағайындалып тексеріледі. Айта кететін жайт, ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік обьектілерге мароторий жарияланып, қазіргі уақытта тексеруден босатылған. Сонымен қатар «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 19-бабының 5-тармағына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын оларға техникалық қызмет көрсетуге шарт жасаспай пайдалануға тыйым салынады. Заңның 28-бабына сәйкес екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынған. Сонымен қатар пайдаланып отырған газ баллондарды автомобильге газ құю станциясында толтыруға болмайды. Заңның 7-бабына сәйкес тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады», - деді департамент өкілі.


Қолда бар ақпараттарға сәйкес облыста қазіргі таңда шамамен 3 газ тарату ұйымы бар. Аталған ұйымдарда газ баллондар пайдалануға жарамдылығын сынақтардан өткізіп отырады. Алдағы уақытта жергілікті әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, ішкі істер органдарымен рейдтер ұйымдастырып, газ баллондарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіретін болады.