Қазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

0
91

Кристина Шумекова 1000,1500 және 3000 метр қашықтықта топ жарды.


Қазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

ERNUR.KZ. Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Миланда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше спортшы 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықта топ жарды.
1000 метр
1. Кристина Шумекова
2. Аяно Секигучи (Жапония)
3. Ханна Мазур (Польша)
1500 метр
1.Кристина Шумекова
2.Аяно Секигучи (Жапония)
3. Цзяминь Цзян (Қытай)
3000 метр
1. Кристина Шумекова
2. 2Лике Хейзинк (Нидерланд)
3. Цзяминь Цзян (Қытай)
Айта кетері, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.