ТҮРКІСТАН: Индикатор орындау мәселесі қаралды

0
192

Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, орындалуына мерзім белгіленді.


ТҮРКІСТАН: Индикатор орындау мәселесі қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары басқарма басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша басқарма басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын зерделеді.


Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов агроөнеркәсіп кешеніндегі индикаторлық жоспардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндап, көрсеткіштерге тоқталды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, жыл қорытындысымен жоспарды орындауға толық мүмкіндік бар.


Облыс әкімінің орынбасары аудан-қалалардың есебін статистикалық көрсеткіштермен сәйкестендіруді, атқарылған жұмыстардың статистикалық дерекқорға енгізілуін қадағалауды тапсырды.


Аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеуге кешенді жоспар түзіліп, 57 ауыл округінде фито-санитариялық жою шараларын жүргізу көзделген. Жеке азаматтар мен шаруашылықтарға иелігіндегі жерді сараптамадан өткізуді, дәрілеуді өз есептерінен іске асыратыны жөнінде хабарлама тарату және түсіндіру ақпан айының соңына дейін жалғасатыны айтылды. Мәжіліс қорытындысымен жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, орындалуына мерзім белгіленді.

Бөлісу