ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
2 535

2019 жылдан бері Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына Арман Айдарұлы Абдуллаев тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Арман Айдарұлы Абдуллаевтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Жаңа әкімді аудан активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат - міндеттерін айқындап берді.

Айта кетейік, Арман Айдарұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған. Білімі жоғары, мамандығы - инженер-экономист.

Мемлекеттік қызметті 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің жиынтық талдау бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған. 2007-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2013 - 2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, облыс әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бері Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.