Сондай-ақ алғыс хатпен марапаттап, 1 000 000 млн теңгенің, ал, жеке бапкеріне 500.000 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Қазығұрт ауданынан шыққан әлем чемпионатының жүлдегеріне автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Киелі Қазығұрт жұртшылығы Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен өткен жасөспірімдер арасындағы (U-17) Әлем чемпионатында қола медаль иеленген дарынды спортшы Әбдіқасым Данаел Нұрсейітұлын зор қошеметпен қарсы алды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, өңірдің абыройын асқақтатқан спортшыны құттықтады. Сондай-ақ алғыс хатпен марапаттап, 1 000 000 млн теңгенің, ал, жеке бапкеріне 500.000 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Сонымен қатар жеке кәсіпкер Жабай Тулеев еліміздің мерейін әлемдік дүбірлі додада үстем етіп, көк байрағымызды көкте желбіреткен жас чемпионға автокөліктің кілтін табыс етті.
Салтанатты шараға Қазығұрт және Төлеби аудандарының Құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов, спорт саласының ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысып, чемпионға жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Данаел Нұрсейітұлы 2008 жылдың ақпан айының 17-сі күні Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Түркістан облыстық Б.Саттарханов атындағы мамандандырылған спорт мектеп-интернатының түлегі. Бапкері – Бектанов Баубек.