ТҮРКІСТАН: Қазығұртта әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

0
98

Әнұранымызды шырқатқан қос бірдей әлем чемпионын зор құрметпен қарсы алды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Қазығұрт жұртшылығы әлем чемпиондарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт жұртшылығы туған жердің атын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатқан қос бірдей әлем чемпионын зор құрметпен қарсы алды.


Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Бразилияда спорттың «Ушу-Саньда» түрінен өткен Әлем чемпионатында 100 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанған, «Қазығұрт» бокс спорт мектебінің түлегі Нұрсұлтан Тұрсынқұлов, сондай-ақ Болгарияда өткен 46- Әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында 50 кг салмақта жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионы атанған «Қазығұрт» спорт клубының өрені БексұлтанТүзелбайды қабылдады. Бүгінде Бексұлтан С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбында оқиды.


Аудан әкімі әлем чемпионы атанған жерлестерімізді жеңістерімен құттықтап, елдің абыройын асқақтатқан ерліктеріне ризашылығын білдіріп, 1.000.000 (бір миллион) теңгенің сертификатын, ал, Бексұлтанды тәрбиелеп, шыңдаған бапкері Сейіткәрім Нұрмахамбетке 500.000 (бес жүз мың) теңгенің сертификатын табыстады.


Айта кетейік, Нұрсұлтан Ахметұлының алғашқы ұстазы – бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шебері ҚұралбекБұхаров болса, жас чемпион Бексұлтан Надирұлының жеке бапкері – Сейіткәрім Нұрмахамбет.

Бөлісу