ТҮРКІСТАН: Келес ауданы инвесторлар назарында

0
619

Темір жол салынып, сауда-саттық дамиды.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданы инвесторлар назарында

Келесте Халықаралық қайта өңдеу орталығының корпорациясы салынуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданына Халықаралық қайта өңдеу орталығының корпорациясын салу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан «QazExpoCongress» ҰК» АҚ өкілдері келді. Аталған нысан Ұшқын ауылдық округінің аумағында орналасауы жоспарланып отыр.


Инвесторларды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастап жүрді. Аудан басшысы Келес ауданының мүмкіндіктерін баяндап, кәсіпкерлік нысан үшін қажетті шараларды ұйымдастыруға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдерінің басшыларына кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқарып, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауды ұйымдастыруды үйлестіруге «TURKISTAN INVEST» мекемесі көмектеспек.


Инвесторлардың сөзінше осыған дейін көрші Өзбекстан Республикасының аумағында болып, олардың мүмкіндіктерімен де танысқан. Жобаны жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы тарыпынан Келес ауданының аумағы тиімді болмақ екен. Осы аймаққа темір жол торабы салынып, сауда саттықтың дамуына үлкен серпін берерін атап өтті.


Өз кезегінде аталған сауда комплексі салынған жағдайда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, халықтың әл-аухатының жақсаруына әсер етпек.