ТҮРКІСТАН: Келес ауданындағы кеден жұмысы бақылауда

0
59

Құқық қорғау органдарының өкілдеріне заңсыз әрекеттермен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданындағы кеден жұмысы бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Келес ауданындағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Келес ауданына арнайы іссапармен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ең ірі транзиттік нүктелердің бірі – Бауыржан Қонысбаев кеден бекетінің қызметімен таныстырып, ондағы өзекті мәселелерді ортаға салды.


Кеден бекетінде көрсетілетін сервисті жетілдіру, жүк көліктері мен тұрғындардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.


Сонымен қатар бекет маңында заңсыздықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдеріне заңсыз әрекеттермен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.


Жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін болдырмау мақсатында автотұрақ инфрақұрылымын дамыту, көлік ағымын реттеу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі де айтылды. Бұл бағыттағы жобалар алдағы уақытта кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.


Кеден инфрақұрылымын жетілдіру, қызмет сапасын арттыру және көлік логистикасын оңтайландыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Бөлісу