ТҮРКІСТАН: Келесті дамыту шаралары іске асырылып жатыр

0
651

13 373 адам жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Келесті дамыту шаралары іске асырылып жатыр

Келес ауданын дамыту бағытында кешенді жоспарлар түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы осыдан 5 жыл бұрын өз алдына жеке дара аудан болып қайта құрылды. Орталығы – Абай ауылы, ауданда 1 ауыл, 12 ауылдық округі және 83 елді мекен бар. Бастапқыда аудан инфрақұрылымы кенжелеген, әлеуметтік нысандардың тозығы жеткен болатын. Жаңадан құрылған ауданды дамыту бағытында кешенді жоспарлар түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарыла бастады.


Нәтижесінде өткен жылдар ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында аудан тұрғындарының елді мекен санымен алғанда 64,9% табиғи газбен, 75% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, сапалы электр қуатымен қамтылған ауылдар саны 75,9% жетті.


Өңірді дамытудың күретамыры автомобиль жолдары екені анық. Осыдан 5 жыл бұрын Келес ауданының ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 21% құраса бүгінгі таңда ол көрсеткіш 55 пайыздан асты. Жалпы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 122,5 шақырым. Өткен жылы 2,5 шақырым "Жүзімдік-Ақсу" KGS-4 автомобиль жолын жөндеу жұмыстары және KXSG-31 "КХ-94 Бекбота-Ащыкөл" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 3,5 шақырым жолы орта жөндеуден өткізіліп, 83,5%-ға жетті. Биыл KXSG-31 "КХ-94 Бекбота-Ащыкөл" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 6,5 шақырым жолына орта жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда 88,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.


Келес өңірінде тұратын азаматтардың дені ауылшаруашылығы саласында еңбек етеді. Биылғы 5 айда ауыл шаруашылығының өнім көлемі - 14 819,8 млн теңге болса, оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 12 327 млн теңгеге жетті. Диқандардың тындырымды істерінің нәтижесінде өсімдік шаруашылығының өндірісі - 2 397 млн. теңгені құрап, ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім 6300 тоннаға жетті. Сондай-ақ биылғы мамыр айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 572 бірлікті құрап, 13 373 адам жұмыспен қамтылған.