Жаңа әкім Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған.
фото: Рavlodarnews.kz
Кентау қаласының әкімі болып Дәурен Махажанов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласында болып, қалалық мәслихат сессиясына қатысты. Депутаттардың келісімін алған соң, қала активіне жаңа әкімді таныстырды.
Дәурен Сабитұлы - 1980 жылы Кентауда туған. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы магистрі» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Жаңа тағайындалған орынбасар еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2001-2009 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ, «Альянс банк» АҚ екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметте болды. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да төраға орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да басқарма төрағасы міндетін атқарды.
«Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болған және бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.