ТҮРКІСТАН: Кездесулер кестеге сәйкес өткізіліп жатыр

0
668

Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Кездесулер кестеге сәйкес өткізіліп жатыр

Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері сайлауалды насихат жұмыстарын күнделікті кестеге сәйкес өткізіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Халықтық коалицияның Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері сайлауалды насихат жұмыстарын күнделікті кестеге сәйкес өткізіп келеді. Бүгінгі жоспарланған іс шараларда жоғары деңгейде өтті.


Облыстық штаб мүшесі М.Дәулетов Созақ ауданы Құмкент ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға штаб төрағасының орынбасары, Созақ аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Е.Сағындық және қоғамдық штаб мүшесі Айбар Күзенбаев қатысты. М.Жұмаханұлы кандидаттың сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.


«Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы!» - деді ол.


Ал, Е.Сағындық ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен маңыздылығын айтты.


Үгіт-насихат жұмыстары Түлкібас ауданында да өтті. Сенімді өкілдер Қ.Еркебаев, Д.Әбішев, С.Таңатбаев кәсіподақ комитеті мүшелерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Білім саласына басымдық берілгендігін жеткізіп, бұл бағытта жүзеге асатын жұмыстармен таныстырды.


Екі жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамту, мемлекеттік балабақшаларға орын бөлетін бірыңғай және ыңғайлы ақпараттық жүйе құру, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу ісі қолға алынатындығын сөз етті.


Ал, Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері С.Асылбеков, М. Күнпейсов, Т.Ақай зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасты.