ТҮРКІСТАН: Қоғамдық денсаулық басқармасына басшы тағайындалды

0
1 598

Жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық денсаулық басқармасына басшы тағайындалды

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды. Бұл қызметке ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылған Марат Пашимовтың орнына келді.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар басқарманы 3 жылдан бері басқарып келген Марат Пашимовқа құрмет көрсетіп, алғыс айтты.


"Сізді білікті, қабілетті басшы деп білеміз. Дамудың жаңа биігіне қол жеткізген Түркістанның түрленуі бағытында аянбай еңбек еттіңіз. Еліміздің өркендеуі мен баянды болашағы жолында әлі де талай ел сүйсінер елеулі істер атқаратыныңызға сенемін", – деді облыс басшысы.


"Өңірдің медицина саласын дамыту бойынша өзіңіздің қолдауыңызға алғыс айтамын. Пандемия кезінде қиын сәтте тағайындалған едім. Бастамалардың сәтті жүзеге асуына сәттілік тілеймін. Ел үшін қызмет еттік деп ойлаймын. Өңіріміз өткендей берсін", – деді Марат Пашимов.


Байдуалиев Асхан Мархабайұлы – уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. 1972 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.


Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы, Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бері Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарған.