ТҮРКІСТАН: Мақта зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд. теңгеге жетті

0
776

Мақта алқабының көлемі азаюы мүмкін


ТҮРКІСТАН: Мақта зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд. теңгеге жетті

Түркістан облысында мақта дақылын егу көлемі азаюы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарына барып, мақта өсірумен айналысатын диқандармен кездесті. Басқосудың мақсаты – осы саладағы барлық мәселені талқылап, әлі күнге өткізген мақтасының ақшасын ала алмай жүрген диқаншыларға жәрдемдесу. Себебі мақта өңдеу зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд. теңгені құрап отыр.


Алқалы жиынға Жетісай және Мақтаарал аудандарының әкімі, өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты.


Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары ортақ мәмілеге келіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.


«2022 жылы мақта дақылы 126,3 мың гектарға егіліп, 361,8 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылының егіс көлемін 14,9 мың гектарға кемітіп, 111,4 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі 2022 жылы басталған геосаяси жағдайға байланысты мақта талшығын экспорттау қиын соқты. Бұл шитті мақта бағасына тікелей әсер етіп отыр», – деді Е. Кенжеханұлы.


Айта кетейік, әкімдік агроқұрылымдардың мүдделерін қорғау мақсатында мақта өңдеуші зауыттармен кездесулер мен кеңестер өткізуін жалғастыратын болады.