Партияның ықпалымен мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін дөңгелетіп отырған Тістібай Сраилов отандық өнімдерді брендке айналдырып, экспортқа шығару жайында пікірін айтты.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Жамбыл ауылдық округінің Жалын ауылында орналасқан мал бордақылау алаңында болды. Ондағы жұмысшылармен тілдесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Басымдықтарына тоқталды. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Бүгінде ауылдағы 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер Тістібай Сраиловтың меншігіндегі аталмыш алаңда 187 бас қошқар мен 67 бас өгіз, 10-ға тарта жылқы бар. Бордақы ірі қараның 57 басы ақбас тұқымынан болса, 10 бас жергілікті тұқымды ашатұяқты. Кәсіпкердің айтуынша шамамен 5 айда бір тоннаға дейін ет беретін ақбас тұқымды бұқалар күніне 1,2 келіге дейін салмақ қосады екен. Айына 40 бас бұқаның етін жергілікті ет сататын ірілі-ұсақты дүкендер мен мейрамханаларға, кафелерге өткізеді. Үстіндегі пайдасына мал басын арттырып, жем-шөбін сатып алады екен. Өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 29,5 млн теңге несие алған азамат бүгінде қарызынан толық құтылған. Қорадағы малға қажетті азық-түлікті дайындайтын құрылғыларды да әлеуметтік желілерден көріп, құрастыра беретін кәсіпкер бұқалардын тезегінің өзін пайдаға асырып отыр. Арнайы канадалық шылаушындар арқылы тезекті минералды тыңайтқышқа айналдырып, егістік алқабына селитраның орынына қолданып келеді.
Партияның ықпалымен мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін дөңгелетіп отырған Тістібай Сраилов отандық өнімдерді брендке айналдырып, экспортқа шығару жайында пікірін айтты.
Аталмыш мәселеге қатысты «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН» атты басымдығында кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерін пайдалана отырып тауар өткізудің жаңа өткізу нарықтарын, оның ішінде ТМД елдерінің шекаралық аймақтарына аудан тауар өндірушілерінің өнімін өткізу жолдарын қарастыра отырып «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кемінде 10 жобаны іске асыруды, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында қолжетімді және тиімді пайыздық несиелер беруді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, туристік саланы дамытуды дұрыс жолға қою, жаңадан қонақ үйлер мен демалыс орындарын, сауда орталықтарын ашу арқылы аудандағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының санын 11,5 мыңға, ондағы жұмыскерлер саны 15 мыңға жеткізуді межеге алған.
«Бұл жоспарлар ең төменгі есеппен алынған. Ауданға тартылатын инвестициялар мен мемлекеттен бөлінетін қаржыға байланысты көрсеткіштер еселеп өсуі де мүмкін» деген кандидаттарға сәттілік тілеген кәсіпкер алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретінін айтты.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді