21 мыңнан астам бала мектепішілік үйірмелерге қатысады.
Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерінің есептерінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшыларын қабылдап, атқарған жұмыстарын саралауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңа форматта өтіп жатқан Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерінің есептерінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшыларын қабылдап, атқарған жұмыстарын саралауда. Аудандағы жалпы саны 56 мектепте 28 мыңнан астам бала оқиды. 1,5 мыңға жуық бала қосымша білім берумен және 21 мыңнан астам бала мектепішілік үйірмелерге қамтылған.
Сондай-ақ, ауданда былтыр кезекте тұрған 76 отбасы баспаналы болған. Одан бөлек, аудан аумағында тұрғындардың бастамасымен «Мақтаарал Баспана» қайырымдылық қоры құрылып, 10 тұрғын үй мұқтаж азаматтарға сыйға берілді. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында 2021 жылы жалпы 723,3 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Жалпы аудан бойынша ұзындығы 40 мың шақырымға жуық 37 елді мекеннің ішкі көшелері жөнделген.