Әскери қызметтің жауапкершілігі мен абыройын айшықтайтын бейнероликтер көрсетіліп, жас буынға отансүйгіштік сезімін дәріптейтін мазмұнды әңгімелер айтылды.
Мақтааралда шекарашылар күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мақтаарал ауданында 18 тамыз – Шекарашылар күніне орай «Шекарашылар – ел тыныштығының қалқаны» атты салтанатты шара өтті. Іс-шара ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров құттықтау сөз сөйлеп, сарбаздардың ел шекарасын қорғаудағы ерен еңбегіне тоқталды.
Сонымен қатар, бірқатар әскери қызметкерлерге арнайы Алғыс хаттар табысталды. Мерекелік шара барысында патриоттық әндер шырқалды. Әскери қызметтің жауапкершілігі мен абыройын айшықтайтын бейнероликтер көрсетіліп, жас буынға отансүйгіштік сезімін дәріптейтін мазмұнды әңгімелер айтылды. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары тұрғындар мен жастар сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, ел қорғаушыларға зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.