ТҮРКІСТАН: Мал бордақылау алаңдары көбейіп жатыр

0
2 201

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан.


ТҮРКІСТАН: Мал бордақылау алаңдары көбейіп жатыр

Төлеби ауданында мал бордақылау алаңдары артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан.


Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінде жеке кәсіпкер Аманжол Көшенов мал бордақылау және сауынды бие мал шаруашылығының жұмысын дұрыс жолға қойған. Кәсіпкер бүгінде 10 бас бұқа, 20 жылқы, 10 сауынды бие бағып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған қоса, кәсіпкер бизнесін отбасылық етіп қана қоймай, ауылдың екі азаматын жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде өз бала-шағасымен қоса ағайын-туысқандары да осы қожалықта табыс табады.


Ауылдың ет экспортына үлес қосып келе жатқан жеке кәсіпкер шағын бордақылау алаңын кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, ірі қараны семіртіп шығуға бекініп отыр. «Жылқы еті мен бие сүтіне деген сұраныс жоғары.