Бұл жұмыстар өңір халқының заманауи әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына үлкен серпін бермек.
Түркістан облысында медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы екі бірдей ірі медициналық нысанның күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл жұмыстар өңір халқының заманауи әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына үлкен серпін бермек.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев ауданға арнайы іссапармен барып, атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өңірдегі ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын пысықтады. Құрылыс сапасына ерекше назар аударылады.
Сайрам ауданындағы рталық аудандық аурухана ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Бұл жоба «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «КазЭвро» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі таңда 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылы аяқтау жоспарланған.
Аудан тұрғындары осыған дейін күрделі тексерулер мен жоғары технологиялық ем-дом алу үшін облыс орталығына баруға мәжбүр болса, енді бұл қажеттілік жойылады. Аурухана ауданаралық көпбейінді медициналық орталық ретінде қайта жасақталып, заманауи МРТ, КТ сынды жоғары технологиялық құралдармен жабдықталады. Денсаулық сақтау мекемесі магнитті-резонанстық томография (МРТ), компьютерлі томография (КТ) сияқты заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, өңір тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсететін болады.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан екінші нысан – Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауруханасы. Аталмыш ғимараттың тозығы жетуіне байланысты, мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны «Алтын Констракшн» ЖШС қолға алған. Қазіргі таңда мұнда 60-қа жуық құрылысшы жұмыс атқарып жатыр. Жөндеу жұмыстары бұл нысанда да 2026 жылға дейін жалғасады.
Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістан облысында медициналық нысандарды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, Кентау қалалық орталық ауруханасы, Қазығұрт ауданы мен Қаратас ауылдық емханасы, Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты Алатау батыр ауылдық емханасы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы Асықата ауруханасында да жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мердігер компанияларға нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау, жобалық-сметалық талаптарды мүлтіксіз орындау, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау, сондай-ақ мүмкіндігінше жергілікті жұмысшыларды тарту мәселелері баса айтылды.
Аталған жобалардың жүзеге асуы аудан тұрғындарының ем-шараларды дер кезінде, сапалы әрі қолжетімді алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар аудандық денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасы нығайып, медициналық қызмет көрсету сапасы артады деп күтілуде.