ТҮРКІСТАН: Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

0
458

Арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны - 10 595.


Бұл орайда, барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.


Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.


Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.