ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары триатлон федерациясының бас хатшысымен кездесті

0
100

Өткен жылы облыстың триатлоншылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1 алтын, 3 күміс, 4 қола еншіледі.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары триатлон федерациясының бас хатшысымен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майермен кездесті. Басқосуда өңірде триатлон спортын дамыту, халықаралық, республикалық жарыстарды ұйымдастыру және Азия кубогын Түркістанда өткізу мәселелерін талқылады.


Облыс әкімінің орынбасары облыста спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтып, соның ішінде триатлон спортына ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.


– Түркі елдерінің рухани астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласына ерекше көңіл бөліп, қажетті қолдауды көрсетуде. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Триатлон – бұл үш циклдық спорт түрінен, яғни, жүзу, велоспорт және жүгіруден тұратын қиын спорт түрі. Өңірде бұл спорт түрі белсенді дамып келе жатыр. Спорт саласын дамыту бағытындағы ұсыныстарға ашықпыз, – деді Ертай Кенжекбекұлы.


Сергей Майер федерацияның жетістіктерімен бөлісіп, алдағы мақсаттары туралы баяндады. Сондай-ақ жақында Түркістан қаласында өткізілуі жоспарланған триатлоннан Азия кубогын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін дайындық жүріп жатқандығын жеткізді.


Қос тарап триатлонды дамыту мен насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, триатлонды дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.


Айта кетейік, өткен жылы облыстың триатлоншылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1 алтын, 3 күміс, 4 қола еншіледі.

Бөлісу