Қабылдау барысында тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бахыт Мүсірәліұлы қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес облыстық мәслихат депутаты Бахыт Мүсірәліұлы Басымбек аудан тұрғындарымен жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Даурен Нурланович Сариев, аудандық мәслихат төрағасы Нуржан Шаулиев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов, сондай-ақ бірқатар бөлім және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салды.Ошақты ауылдық округінен келген тұрғын балаларға арналған спорт алаңшасы қажеттігін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті ауылдық округке тапсырма берілді, алдағы уақытта құжаттары дайындалады. Ал, Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны тұрғын үй мәселесін көтерді. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық жұмыстар жүріп жатыр. Бұл мәселе аудан басшылығы тарапынан жеке бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
“Әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмайды. Халықтың мәселесін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру – біздің басты міндетіміз. Халықпен ашық диалог әрі қарай да жалғасады” - деді Б.Басымбек.