Түркістан облысы өңірлер арасында көш бастады

0
57

Қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір ел бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.


Түркістан облысы өңірлер арасында көш бастады

Түркістан облысы өңірлер арасында көш бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикадағы жетекші өңірге айналды. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалары Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жетекшілігімен өңірде экономиканың барлық негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасты. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінен республикадағы барлық облыстар арасында бірінші орынға шықты.

Қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір ел бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, инвестиция, көлік және байланыс салаларының барлығында оң динамика сақталды.

Бұл көрсеткіштер Мемлекет басшысы айқындаған экономиканы әртараптандыру және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі саясаттың Түркістан облысында тиімді іске асып жатқанын көрсетеді.

Бөлісу