Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады

0
613

Өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген.


Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады

Түркістандықтар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандықтар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолдындағы өз таңдауларын жасады.


Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, сағат кешкі 22.00-ғы мәлімет бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.


Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген. Оларға 914 референдум учаскесі әзірленген.


Өңірде референдумға дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2864 кездесу өткізілді, 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сонымен бірге «Amanat» партиясы жанынан құрылған штаб та түсіндіру, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өңірдегі 914 сайлау учаскелерінде 6500-ге жуық бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады. Референдум учаскелерінде келеңсіз жағдай орын алмады.