Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары.
2024 жылы Түркістан облысына 1 трлн. 64 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту жұмыстарын күшейту жөнінегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Облыс әкімінің бастамасымен өңір кәсіпкерлері мен аудан, қала әкімдері шетелдің өнгдіріс орындарын аралап, келісімшарттар жасады. Осы жұмыстар нәтижесінде 11 айда облыс экономикасына 1064,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары.
Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685,1 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Қазан айында Түркістан қаласына өткен инвестициялық форумда 127 шетелдік компаниямен 301 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.
Биыл 134,1 млрд.теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса (2 233 жұмыс орны), 11 айда 41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылды, 99,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін, жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығы өнімін терең және қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Негізгі үлес өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және туризмге тиесілі. Аталған жобаларды іске асыру арқылы 20 мың жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті бюджет кірістерін қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік бар.