Басым бөлігі арнайы оқу орындарын бітірмегендіктен, құрылыс саласында, сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен айналысады.
Жыл басынан бері Түркістан облысына шетелден 403 қазақ көшіп келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту оларға Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты – халқы тығыз орналасқан өңірлерден, еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу.
Биылғы жылы 1 маусымдағы көрсеткіштер бойынша облысқа 231 отбасы, 403 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді. Оның ішінде, көршілес ел Өзбекстаннан – 390 адам, Тәжікстан - 10 адам, Ресейден - 1 адам басқа мемлекеттерден – 2 адам қоныс аударған.
Бүгінде этникалық қазақтар облысқа қарасты аудандарға орналастырылды. Басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасса (163 адам немесе 40,5%), Ордабасы ауданына 44 адам (10,9%), Қазығұрт ауданына 62 адам (15,5%), Келес ауданына 70 адам (17,5%), Сайрам ауданына 18 адам (4,5%), Жетысай ауданына 10 адам (2,6%), Түлкібас ауданына 12 адам (2,8%), Мақтаарал ауданына 18 адам (4,5%), Түркістан қаласына 5 адам (1,2%), қоныстанды.
Қоныс аударған этникалық қазақтардың 58,3% еңбекке жарамдылар. Басым бөлігі арнайы оқу орындарын бітірмегендіктен, құрылыс саласында, сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен айналысады.