Түркістан облысында 50 мектеп салынып жатыр

0
81

Әлеуметтік нысандар жұмысы қарқынды.


Түркістан облысында 50 мектеп салынып жатыр

Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының өсімі 131 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд. теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешілмек. Сонымен бірге әлеуметтік нысандар жұмысы қарқынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.


– Облыста демографиялық өсім жоғары. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде, – деді Дархан Сатыбалды.


Мектептердің 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмек. Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа бюджетті үнемдей отырып, 12 млрд. теңгеден астам қаражатты бағытталған. 330 мектеп жоғары жылдамдықты «Starlink» спутниктік интернет технологиясымен қамтылды.


Өңірімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысан соғылуда. Бұдан бөлек 4 ауруханаға күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен бірге мәдениет, спорт және өзге де әлеуметтік нысандар салынуда.

Бөлісу