Түркістан облысында 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды

0
98

Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі.


Түркістан облысында 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды

2024 жылы Түркістан облысындағы шағын өнеркәсіптік паркте 8 зауыт пен кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өңірдің индустриалды әлеуетін дамыту үшін «Turkistan» корпорациясымен облыстың 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі.


Бүгінгі таңда 10 ғимарат салынып, 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс оны құрылды. Мұнда су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен бірге мектепке арналған жиһаздарды өндіретін, медициналық жабдықтар шығаратын, өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін, ішкі есіктер шығаратын кәсіпорындар ашылған.

Бөлісу