Түркістан облысында айына 2 млн бетперде өндіретін цех ашылды

0
839

Тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленіп отыр.


Түркістан облысында айына 2 млн бетперде өндіретін цех ашылды

Сайрам ауданында айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асырып жатыр. Өндіріске қажетті станоктар Қытай елінен сатылып алынған. Аталған серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, цех айына 2 млн дана бетперде өндіруге қауқарлы екен.

Аатап өтсек, бл жобаның жалпы құны 80,4 млн. теңгені құрайды. Онда 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі уақытта тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленіп отыр.

«Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық», – дейді пандемия кезеңінде тиімді бағытты таңдаған кәсіпкер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өңір бойынша жасақталған зертханалар тәулігіне коронавирусқа қатысты 5000 тест өткізуге қауһарлы. Бүгінде олардың оны жұмыс істеп жатыр.