Алдағы уақытта департамент басшысының жеке қабылдауы «Skype» бейнебайланыс арқылы өткізілуі жоспарлануда.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалында, аудан тұрғындарының арасында кезекті жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға аудан және елді-мекендерден алдын-ала жазылған тұрғындар қатысып, өз сұрақтарын қойды.
Сұрақтар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілерге факторлы-баллдық шкала бойынша еңбекақы төлеу, мемлекеттік органдарда смартфон телефонын қолдану және отбасы мүшелеріне анықтама алу мәселелеріне қатысты болды.
Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде үнемі ашық екенін сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.
Айта кетсек, алдағы уақытта Департамент басшысының жеке қабылдауы «Skype» бейнебайланыс арқылы өткізілуі жоспарлануда.