Жалпы саны 300 қатысушы қатысты.
Төлеби ауданында «Сайрам-су» марфоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Төлеби ауданында «Сайрам-су» марфоны ұйымдастырылды. Түркістан облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған марафонтаңғы сағат 08:00-де Сайрам-су өзенінің бойында бастац алды. Спорттық шараға облыс тұрғындары, еліміздің әр өңірінен спортшылар мен спортсүйер азаматтар мен белсенді жастар жалпы саны 300 қатысушы қатысты.
Түркістан облыстық туризм басқармасымен“Sairam su trail” бірлесе өткізетін жыл сайынғы шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау арқылыжастарды спортқа, отансүйгіштікке баулу, бұқаралық спортты дамытуға және өңірдің табиғи және туристік әлеуетіне назар аударуға бағытталған.
Марафон қорытындысы бойынша жалпы саны 36 жүлделі орын табысталды.Қатысушылар 6 000 және 12 000 метр қашықтықта жүгіріп өз бақтарын сынады.
Марафон соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы ұйымдастырушылар тарапынан және Sairam su trail қолдауымен дипломдар, медальдар мен бағалы және ынталандыру сыйлықтары табысталды.
1-орын жеңімпаздары 70 мың теңге қаржылай ақша алды. 2 орын иелері - 50 мың теңгеден жеңіп алса, 3 орын алған үш қатысушы 30 мың теңгені қанағат тұтты.
Бұдан өзге, қатысушыларға ынталандыру ретінде «Kazakhasia», Спа «Rixos», Спа «Ramada by Wyndham Turkistan», «Ramada by Wyndham Turkistan» қонақүйлеріне және «Top Tobe», «Grand Eurasia», «Tandyr» , «Wow plov» ресторандарында арнайы тамақтану сыйлықтары табыс етілді.
Сонымен қатар, марафон қатысушыларын тасымалдау үшін ұйымдастырушылар тарапынан 2 автобус көлігі қарастырылған. Айта кетейік, жарыс барысында қауіпсіздік шаралары толыққанды қарастырылған.