Шырындар жоғары сұранысқа ие болып отыр.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында табиғи шырын шығаратын 5 кәсіпорын ашылады. Биылғы жылдың өзінде жалпы құны 897 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тағамдық құндылығы жоғары жеміс шырыны - адам денсаулығына пайдалы. Бұл табиғи таза өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие. Биылдан бастап іске қосылған 3 кәсіпорын минералды және табиғи шырындар шығарады. Мұнда 87 азамат жұмыспен қамтылды.
- Біздің негізгі тұтынушымыз Алматыдағы Смол және Магнум сол сияқты сауда орталықтарымен жұмыс істейміз. Біздің шырыннның ең бірінші орында тұрғаны сапасы жоғары. Өйткені біз ең таза өнімді өндіреміз.Түлкібас ауданының шикізатының өзі өте жоғары сапада. Биыл біз қиярдың 60 пайызын осы Түлкібастан алдық, - дейді «Жазғы ән» ЖШС- директорының орынбасары Ербол Балқыбеков.
Түлкібас кентіндегі «Жазғы ән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өңдейді. Жұмыс істей бастағанына 2 жыл болған кәсіпорын 8 түрлі жеміс шырынын шығарады.Қуаты бір ауысымда 10 мың құты жеміс шырынын шығаруға жетеді. Керейт ауылындағы «Арсен АС» кәсіпорны да табысты.Олар заманауи құрылғылар арқылы 250 тонна құнарландырылған шырын сусындарын шығарды.
Технолог Гүлнар Телібаева сағатына 5 мың тонна өнім өндіретін технологиясының бар екендігін айтып отыр.
- Осы күнге дейін 2 мың тоннадан астам алма қабылдадық. 250 тонна құнарландырылған алма шырындарын төңдеп шығардық. Құнарландырылған шырындарды өңдеп 220 килограмдық бөшкелерге құямыз. Цехта 7 түрлі сусын дайындаймыз. Солардың ішінде алма шырыны өзіміздің отандық өнім, - дейді ол.
Аудандағы индустриалды аймақта алдағы уақытта тағы 5 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Табиғи таза отандық өнімді тұтыну үшін алма, алмұрт, жүзім егу қайта қолға алынбақ.Одан жиналған өнімдерден табиғи сусын шығаруды түлкібастық кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр.
дереккөз: shymkenttv.kz