Түркістан облысының әкімі Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездеседі

0
962

Облыс тұрғындарының назарына!


Түркістан облысының әкімі Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 наурызда сағат 11.00-де Манкент ауылы, Айнабұлақ көшесі, «Ақсарай» тойханасында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 наурызда сағат 12.00-де Манкент ауылы, «Ақсарай» тойханасында өтеді.


Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 наурызда сағат 16.00-де Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205, аудандық мәдениет үйінде өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 наурыз сағат 17.00-де Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №205 мекенжайындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 2 наурызға дейін сағат 09-00 ден 18-30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.