Биыл аудан көлемінде 30,7 мың гектар алқапқа масақты дақылдар егілді.
Ордабасы ауданында биылғы астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданында биылғы астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қара жердің берекесін маңдай терімен терген диқандар үшін ең жауапты кезең – жиын-терім науқаны.
Биыл аудан көлемінде 30,7 мың гектар алқапқа масақты дақылдар егілді. Бүгінде егіс алқаптарының 27,1 мың гектары орылып, нәтижесінде 46 мың тонна астық жиналды.
Бұл – дала төсіндегі тынымсыз еңбектің, шаруалардың табанды тірлігінің және егін шаруашылығындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазір шаруалар егінді ысырапсыз жинап, науқанды белгіленген мерзімде аяқтауға күш салуда.


