​ТҮРКІСТАН: «Respublica» партиясының өкілдері ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетті

0
196

Партия ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін қолдау мен жоғары бағалауды әрдайым басты назарда ұстайды.


​ТҮРКІСТАН: «Respublica» партиясының өкілдері ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетті

Ұстаздар күніне орай «Respublica» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілдері өңірдегі білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ұстаздарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға партияның облыстық филиал төрағасының міндетін атқарушы Санат Сапарбай, филиал төрағасының орынбасары Жантөре Ералы және партия өкілі Бейбіт Биназаров пен қадірлі ұстаздар қатысты.

Кездесу барысында ұстаздық еңбектің маңызы айтылып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің рөлі атап өтілді. Сондай-ақ партия өкілдері білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жылы лебіздер білдіріп, кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.

«Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын қадірлі мамандық иесі. Сіздердің шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Жас ұрпақтың жарқын болашағына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Әрдайым абырой биігінен көрініп, еңбектеріңіз жемісті болсын», – деді Санат Әбекұлы.

Өз кезегінде партия мүшесі, ардагер ұстаз Гүлдариха Жұмагелдиева мен Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Жалил Абдуллаев атындағы зияткерлік мектебінің құрылтайшысы Нұрсұлтан Абдуллаев партия басшылығына алғыстарын білдіріп, ұстаздар қауымына көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, Ұстаздар күні – білім мен тәрбие саласында еңбек етіп жүрген мұғалімдердің еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін айшықтайтын айтулы мереке. Партия ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін қолдау мен жоғары бағалауды әрдайым басты назарда ұстайды.

Бөлісу