ТҮРКІСТАН: Сайрамда астық жинау науқаны қарқынды жалғасып жатыр

0
454

Қазіргі таңда бидайдың 10 100 гектары орылып, орташа өнімділігі гектарына 18 центнерді құрады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда астық жинау науқаны қарқынды жалғасып жатыр

Сайрам ауданында астық жинау науқаны қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданында биыл ауыл шаруашылығы саласында егін жинау науқаны жоспарға сай жүргізілуде. 2026 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 52 800 гектар жерге орналастырылды. Оның ішінде бидай 14 600 гектар алқапқа егілген.

Қазіргі таңда бидайдың 10 100 гектары орылып, орташа өнімділігі гектарына 18 центнерді құрады. Нәтижесінде 18 мың тонна астық жиналып, орақ науқанының орындалу көрсеткіші 69,2 пайызға жетті.

Сонымен қатар, 3 600 гектар жерге егілген арпа дақылы толық жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрап, жалпы 5 760 тонна өнім алынды. Осылайша, арпа жинау жұмыстары жоспарға сәйкес 100 пайызға орындалды.

Аудан аумағында егін жинау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Бөлісу