Аудан басшылары "Болашақ" сауықтыру лагерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Сайрам ауданында "Болашақ" сауықтыру лагерінде 1800 бала демалатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам аудан әкімі Бақтияр Мамаев, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Арыс ауылдық округінде орналасқан "Болашақ" сауықтыру лагерінде барып, демалушы балалармен кездесті.
Сөз алған аудан басшысы жазғы демалыс маусымымен балаларды құттықтап, демалыстарының сәтті әрі қызықты өтуіне тілектестігін білдірді. Кездесу барысында балалар мен олардың топ жетекшілері өз өнерлерін паш етіп көпшілікке қуаныш сыйлады.
Аталған лагерьде 6 кезеңмен жұмыс істейді. Осы кезең аралығында 1800 балаға қызмет көрсетеді. 1 кезеңнің өзінде 300 бала 10 күн демалады. Бұл жолы 1679 бала тегін демалатын болады.
Ал, Қарасу ауылының балалары жазғы демалыс күндерін жаңадан ашлған спорт клубында денелерін шынықтыруда. Мемлекеттiк-жекешелiк әріптестік аясында ашылған "Қарасу" спорт клубы бүгінде өз жұмысына кіріскен. Онда заманауи үлгiдегi ашық футбол алаңы, тренажерлық зал, теннис залы, ойын залы, күрес залы, бокс залы бар. "Қарасу" спорт клубында 18 адам жұмыс icтейдi.
Қазipгi таңда жаттықтырушылар 480 оқушыға еркiн күрес, грек-рим күрес, дзю-до, каратэ, футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннис, шахмат спорт түрлері бойынша дәрic өткiзуде.