ТҮРКІСТАН: Сақтандыру жүйесіндегі жеңілдетілген санаттарға өзгеріс енгізілді

0
743

Бірінші топтағы мүгедектікті кейін алғандар да жеңілдетілген санатқа енді.


ТҮРКІСТАН: Сақтандыру жүйесіндегі жеңілдетілген санаттарға өзгеріс енгізілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдетілген санаттар құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдетілген санаттар құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойыншафилиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлайды.


Оның айтуынша, биылғы жылдың наурыз айынан бастап заңға жеңілдетілген санаттағы адамдардың тізіміне түзетулер енгізілді. Бұл санатқа бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқорлық көрсететін жұмыссыз азаматтар енетін. Жаңа заңға сәйкес, бірінші топтағы мүгедекке қамқорлық көрсететін жұмыссыз жандар да енгізіледі. Яғни, бірінші топтағы мүгедектікті кейін алғандар да жеңілдетілген санатқа енді.


«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ҚР барлық азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге қолжетімді. Сақтандырылған азаматтар МӘМС шеңберіндеконсультативтік-диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту қызметтерін алуына болады. Жалпы, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек барлық сақтандырылған азаматтарға олардың төлеген жарналарының мөлшеріне қарамастан көрсетіледі», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Асанұлы.