Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдірді.
Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде екі ауыл көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде қос елді мекеннің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдірді.
Дарбаза ауылдық округіне қарасты Ердәуіт және 51 разъезд елді мекендерінің тұрғын үйлерін көгілдір отынға қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары биыл мамырда басталған. Бүгінде, қос елді мекендегі 150 отбасы «көгілдір отынмен» қамтылды.
Айта кетсек, ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Ауданға қарасты 63 елді мекеннің ішінде 51 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі таңда Жылға, Шеңгелді елді мекендерін газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.