Жаңа ғимаратта учаскелік дәрігер бөлмесі, күндізгі емхана, физиотерапиялық ем қабылдау, дәрігерге дейінгі қабылдау, баланы дамыту, екпе бөлмелері мен тіркеу орны бар.
Сарыағаштағы шалғай ауылда дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымды жақсарту міндетін жүктегені белгілі. Осы тапсырмаға сәйкес Сарыағаш ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Арман Абдуллаев пен ауыл тұрғындары қатысып, лентасын қиды.
Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген сала басшыларына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ баталарын берді. Ендігі жерде, дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.
Жаңа ғимаратта учаскелік дәрігер бөлмесі, күндізгі емхана, физиотерапиялық ем қабылдау, дәрігерге дейінгі қабылдау, баланы дамыту, екпе бөлмелері мен тіркеу орны бар.