ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын эпоксидті шайыр бұйымдарын жасап жатыр

0
444

Аталған кәсіп түрі үлкен сұранысқа ие.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын эпоксидті шайыр бұйымдарын жасап жатыр

Мәжіліс депутаты сарыағаштық кәсіпкердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев жеке кәсіпкер Ж.Султанмурадованың бастаған кәсібімен арнайы танысты.


Жеке кәсіпкер биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, эпоксидті шайыр бұйымдарын жасаумен айналысып жатыр. Атап айтсақ, сағат, ыдыстар және тағы басқа үйге, кеңсеге арналған заттар.


Сапар барысында Мәжіліс депутаты Т.Қырықбаев ерекше кәсіп түрін қолға алған жеке кәсіпкердің жұмыс барысын көріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


Аталған кәсіп түрі ауданда жаңадан ашылғандықтан үлкен сұранысқа ие.