ТҮРКІСТАН: Сенімді өкілдер 85-тен астам іс-шараға қатысты

0
759

11 мыңнан астам азамат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жайлы мағлұмат алды.


ТҮРКІСТАН: Сенімді өкілдер 85-тен астам іс-шараға қатысты

Түркістан өңірінде үгіт-насихат іс-шараларын тұрақты жүргізіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау бойынша құрылған қоғамдық штабтың өкілдері Түркістан өңірінде үгіт-насихат іс-шараларын тұрақты жүргізіп келеді. Бүгін 4 қараша күні халықтық коалиция мүшелері мен сенімді өкілдер 85-тен астам іс-шараға қатысты. Кездесулерде 11 мыңнан астам азамат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жайлы мағлұмат алды.


Мәселен, Созақ ауданында «ГРЭ-5» АҚ ұжымымен кездесу өтті. Оған республикалық қоғамдық штаб өкілі М.Тұрысбеков пен аудандық штаб төрағасы Б.Байғараев және сенімді өкіл Қ.Бекішов қатысты. Бұл жиында еліміздегі экологиялық мәселелер жайлы сөз болып, Қ.Тоқаевтың табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаны сақтау мақсатында бірқатар міндеттер қойып отырғаны әңгімеленді. Сонымен бірге, экологиялық білім сапасын арттыру тәсілдері түбегейлі қайта қарастырылып, Су кодексі қабылданатыны және Республика бойынша ормандар аумағы да кеңейтілетіні айтылды.


Штаб мүшелерінің экпромт-кездесуі аудандағы «КазАтомПром-Сауран» ЖШС-да жалғасты. Кездесу барысында 2021 жылы Экологиялық кодекс қабылданып, басқа нормативтік құжаттарға экология мәселелері бойынша түзетулерді көздейтін тиісті заңнамалық актілер әзірленіп, бекітілгені айтылды.


Сондай-ақ, сенімді өкілдер Ш.Ибрагимов пен М.Мамбетов Сарыағаштағы "Агрофуд Қазақстан" ЖШС ұжымымен кездесті. Штаб мүшелері жиынға қатысушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдерін түсіндірді.


Ал, Қ.Қыстаубаев пен Н.Отаров "Қазпошта" АҚ ұжымымна барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


"Мемлекеттің басты міндетінің бірі – өңдеу секторының ісін жолға қою, инфраструктурасын модернизациялау, энергетикалық қуаттылығын арттыру. Қ.Тоқаевтың айтуынша, біз аграрлық секторға мықты импульс беруге тиіспіз. Дәл осындай экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға мықты негіз болады", - деді Қ. Қыстаубаев өз сөзінде.


Одан бөлек, Е.Исақұлов пен Б.Абуов Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Бөлісу