ТҮРКІСТАН: Шардара ауданына жаңа әкім сайланды

0
2 243

Арман Қарсыбаев жеңіске жетті.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданына жаңа әкім сайланды

Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. 5 қараша күні түйінделген бұл науқан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімі негізінде Бәйдібек, Созақ, Мақтаарал және Шардара аудандарында пилоттық режимде жүргізілді. Осы ретте, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз жиыны ұйымдастырылып, сайлау қорытындысы жария болды.


Нәтижесінде Шардара ауданына 29929 дауыстың 18259-ын жинаған Қарсыбаев Арман Романұлы әкім болып сайланды. Бұл азамат осы уақытқа дейін аудандық мәслихат төрағасы қызметін атқарып, шағалалы өлкеден армрестлинг спорты бойынша жүздеген Әлем чемпионының шығуына мұрындық болған.


Ал аудан әкімдігіне үміткер болған Рүстем Өмірбек Бақтыбекұлы 4575 және Тұрлыбеков Жоламан Ерсаинұлы 5717 дауыс жинапты.