ТҮРКІСТАН: Шардара қаласындағы барлық шағынауданға су жіберілді

0
109

Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Шардара қаласындағы барлық шағынауданға су жіберілді

Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Шардара" су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді.


06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50 де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде.


– Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28 су жинау ыдысы орнатылып, су тасымалдайтын 10 арнайы көлік тұрақты жұмыс істеуде. Бұл облыс әкімдігі өкілдері мен аудан басшылары, қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Бөлісу