ТҮРКІСТАН: Шардарада аудандық маңызы бар жолдың құрылысы басталды

0
113

Жолдың жалпы ұзындығы – 8,3 шақырым, ені – 5 метр.


ТҮРКІСТАН: Шардарада аудандық маңызы бар жолдың құрылысы басталды

Шардарада аудандық маңызы бар жолдың құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардарада аудандық маңыздағы «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары басталды.


Жолдың жалпы ұзындығы – 8,3 шақырым, ені – 5 метр. Бұл жоба өңір тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қозғалысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама.


Қазіргі таңда «Строймонтаж» ЖШС мердігер ұйымы ретінде бекітіліп, жолды тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу