ТҮРКІСТАН: Шекара маңындағы тұрғындар 4 айда көгілдір отынға қол жеткізді

0
492

Елді мекендерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса береді.


ТҮРКІСТАН: Шекара маңындағы тұрғындар 4 айда көгілдір отынға қол жеткізді

Түркістан облысындағы елдімекендерді газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарының 19 елді мекеніне газ жеткізу жұмыстарын аяқтады.


Оның ішінде Сарыағаштағы шекара маңында орналасқан Бағыс ауылы мен оған жақын маңдағы елдімекендерді газдандыру жұмыстары ең қысқа мерзімде – 2021 жылғы мамырдан тамызға дейін орындалды. Яғни, бірінші болып көптен күткен көгілдір отынға Бағыс және Тегісшіл ауылдарының үйлері қосылып, символдық түрде газ алауы жағылды. Енді жоғарыда аталған елді мекендерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса береді.


Ауыл тұрғындарын бүгінгі қуаныштарымен құттықтай отырып, газ қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты.


"Газ – тиімді де пайдалы отын, бірақ оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары бірінші кезекте тұруы керек", - дейді газ мамандары.