ТҮРКІСТАН: Шетелдік байқаушылар сайлау дайындығымен танысты

0
875

Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар.


ТҮРКІСТАН: Шетелдік байқаушылар сайлау дайындығымен танысты

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев шетелдік байқаушыларды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі депутаттарын кезектен тыс сайлау барысына қатысатын шетелдік байқаушыларды қабылдады.


Кездесуде белгілі болғандай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) ұзақ мерзімді байқаушылары грузиялық Амисулашвили Валерий (Valeri Amisulashvili) және литвалық Юстина Рудминайте (Justina Rudminaite) Түркістан облысында сайлауға дайындық барысымен танысты.


Қабылдау барысында облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев қонақтарды облыстың сайлау құрылымымен таныстырып, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, елімізде жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.


Шетел азаматтарын қазақстандық сарапшы Мария Саранова бастап келді. Шетелдік меймандар сайлауды байқау үдерісінде қазақстандық билік органдарымен сындарлы өзара әрекеттестік жасау ниетін қуаттап, байқаушылардың толық және тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді.


Атап өтейік, Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Өңірде сайлаушылардың саны 1 176 138 адамды құрайды. Облыс бойынша кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін жалпы 646 орын белгіленген. Стендтер мен тақталардың өлшемдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарға тіркелген барлық саяси партиялардың үгіттік баспа материалдарын орналыстыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, облыс бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін 330 үй-жай белгіленіп отыр. Анықталған орындар мен үй-жайлар туралы хабарламалар жергілікті БАҚ пен әкімдіктің сайтында орналастырылған.