ТҮРКІСТАН: Шұбар ауылында инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр

0
174

Жүйе екі бағытта жұмыс істеуге бейімделген.


ТҮРКІСТАН: Шұбар ауылында инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр

Ордабасы ауданының әкімі Береке ауылындағы ауызсумен қамту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауыл округіне қарасты Береке ауылындағы ауызсумен қамту жұмыстарымен танысты. Бұған дейін Береке ауылындағы 600 абонент ауызсуды Шұбар ауылындағы су жүйесі арқылы тұтынып келген. Бүгінде Шұбар ауылынан қосымша су ұңғымасы қазылып, жалпы 1100 абонент ауызсумен қамтылып отыр. Аталған жоба су қысымын екі бағытта біріктіру арқылы тұрғындарды тұрақты әрі жеткілікті көлемде ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жүйе екі бағытта жұмыс істеуге бейімделген. Яғни бір су көзі уақытша тоқтаған жағдайда, екіншісі автоматты түрде іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.

Мұнан соң аудан әкімі Шұбар ауылындағы ашық футбол алаңының құрылысымен танысты. Жоба аясында алдағы уақытта ойын алаңы жанынан балалар ойын алаңшасының құрылысы басталатыны айтылды. Сонымен қатар, орталық көше бойында жаяу жүргіншілер жолы салынып, ауыл әкімдігі маңы абаттандырылып, қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу